№17 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасына қош келдіңіздер! Біз сіздерді қуана қарсы аламыз! 🔹 Құрметті ата-аналар! Балаларды қабылдау ваучерлік қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. 🔹 Балабақша жұмысы сағат 08:00-ден 18:30-ға дейін. 🔹 Қауіпсіздік – біздің басты назарымызда!
Кіру
AA+

Балабақша тәрбиешілерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз еңбек – сапалы жұмыс кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң орындау, төтенше жағдайлардың алдын алу және алғашқы көмек көрсету тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек талаптарын сақтау – сапалы қызмет көрсетудің, жауапкершіліктің және тиімді жұмыстың басты кепілі екені түсіндірілді.

Әрбір қызметкердің қауіпсіздігі – балабақшадағы жайлы әрі қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңызды негізі. Қауіпсіз еңбек талаптарын сақтау арқылы біз тәрбиеленушілерімізге қауіпсіз, сапалы және қолайлы орта қалыптастырамыз.

Қауіпсіз еңбек – әр қызметкердің міндеті, сапалы жұмыстың кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DaUgCpQsRXh/?igsh=MWdmNDJ5ZTEzaW5seA%3D%3D

https://www.instagram.com/reel/DaUgCpQsRXh/?igsh=MWdmNDJ5ZTEzaW5seA%3D%3D