Наурызнама онкүндігі аясында
Бүгін балабақшамызда қазақтың ұлттық дәстүрлерінің бірі - “Тұсаукесер” салты өткізілді.
Бұл салт - бала тәй-тәй басып, өмір жолында сүрінбей, қадамы нық болсын деген ақ ниетпен жасалатын тәрбиелік мәні зор дәстүр.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер ұлттық салт-дәстүрмен танысып, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тұсауы кесілген балаға ақ жол, жарқын болашақ тілейміз!
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрімізді сіңіру - біздің басты мақсатымыз.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз мейрамы баршаңызға береке, бірлік, молшылық әкелсін!
”ULTTYQ SEZIM” фестивалі
Ұлттық киім - белгілі бір халықтың мәдениеті, тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін көрсететін дәстүрлі киім түрі. Ол әр ұлттың ерекшелігін, эстетикалық талғамын және табиғи жағдайына бейімделген өмір салтын бейнелейді.
Наурызнама онкүндігі аясында балабақшамызда ұлттық ойындардан қызықты әрі тартымды сайыс ұйымдастырылды.
Бұл сайыстың басты мақсаты – балаларға қазақ халқының ұлттық ойындарын таныстыру, олардың қызығушылығын арттыру және салт-дәстүрімізді дәріптеу.
Сайыс барысында бүлдіршіндер әкесімен асық ату, арқан тарту, садақ ату,теңге ілу секілді ұлттық ойындарға белсенді қатысып, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Әрбір бала ерекше дайындықпен келіп, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсете білді.
Көңілді өткен бұл шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек!