| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Ата - аналарға арналған консультациялық пункт |
АКП жоспарына сәйкес 5-6 жастағы балалардың мектепке дайындығының негізгі көрсеткіштері мен бастапқы және қорытынды мониторинг жұмыстарының сапасының қорытынды есебі берілді. Сонымен қатар баланың білім сапасын нәтижесін бақылау мақсатында “Баланың даму динамикасы-сапалы білім берудің нәтижесі” атты мектепалды және ересек топ тәрбиешілерінің есеп беру жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/DXv_5UGDFwD/?igsh=MTlvaTB1M3Q4anBmZg
АКП жоспарына сай оқу жылының қорытындысы бойынша “АКП жұмысының қорытынды есебі“ тақырыбында ата-аналармен бірлескен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалардың жан-жақты дамуын бақылау мен бағалау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылды.Балалардың жетістіктері – педагогтер мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да бүлдіршіндердің сапалы білім алып, жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстар жалғасын табады.
Бала дамуы – болашаққа салынған берік іргетас!
https://www.instagram.com/reel/DZIDJrfsY-p/?igsh=MXdrdHduemdnZTlsZw%3D%3D
Цифрлық дағдыларды қалыптастыру тақырыбында ата-аналарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді
АКП жоспарына сай және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ата-аналармен және балалармен цифрлық ортадағы мінез-құлық ережелері туралы «Кіші жастан бастап киберқауіпсіздік», «Гаджеттер мен балалар» тақырыптарында семинарлар (қазірге заманғы қауіп-қатерлер шеңберінде) Гаджеттерді қолдану :нормалар мен қауіпсіздік
Кибер қауіпсіздік: баланы интернет қауіптерінен қорғау
Цифрлық дағдыларды қалыптастыру тақырыбында ата-аналарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда гаджеттер балалар өмірінің бір бөлігіне айналды. Сондықтан оларды дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастыру — ата-ана мен педагогтың ортақ міндеті.
Балаларға:
-
гаджет қолдану нормаларын сақтау;
-
интернеттегі қауіпсіздік ережелерін білу;
-
киберқауіптен қорғана алу;
-
пайдалы цифрлық дағдыларды меңгеру өте маңызды.
Баланы интернет қауіпінен қорғау — тек шектеу қою емес, саналы бағыт беру.
Уақытты тиімді пайдалану, қауіпсіз контент таңдау және цифрлық сауаттылықты дамыту арқылы біз балалардың қауіпсіз әрі сапалы болашағына жол ашамыз.
Бала қауіпсіздігі — басты құндылық!
Бірге қауіпсіз цифрлық орта қалыптастырайық!
https://www.instagram.com/reel/DYmqowBMGb9/?igsh=cnRmZnowNXZmZ2U3