| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 2023 - 2024 сыбайлас жемқорлық | |
| 2 | 2024 - 2025 сыбайлас жемқорлық | |
| 3 | 2025 - 2026 сыбайлас жемқорлық |
Құрметті ата-аналар!
Мектепке дейінгі ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында балабақша түлектерін шығарып салу іс-шараларында ата-аналардан ақша жинауға, тәрбиешілер мен қызметкерлерге сыйлықтар беруге, сондай-ақ ұжымдық түрде мейрамхана, ойын-сауық орталықтары мен басқа да орындарға баруды ұйымдастыруға жол берілмейтінін ескертеміз.
Балалардың балабақшамен қоштасу мерекесі қарапайым, қауіпсіз әрі барлық талаптарға сай ұйымдастырылуы тиіс.
Түсіністік танытып, заң талаптарын сақтағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсы тұрайық!
https://www.instagram.com/p/DZBvZmrjCKj/?igsh=ZHk4b2lhYmkyYmpn
12.12.2025 жылы №17 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасында өткен Қамқоршылық кеңесінің отырысы мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Отырыс барысында балабақша меңгерушісі Жетилгенова Дина Набиевна 2024–2025 оқу жылының қорытынды есебін ұсынды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша: балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігі жайлы балабақша дәмбикесі Даутлярова Н.Ж. және медбике Байгазина И.М. маңызды ақпараттармен бөлісті.
Ал үшінші мәселе — «Инклюзивті білім беру және ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс түрлері» тақырыбында дефектолог Нұртуған Д.Д. және логопед Омарова С.А. кәсіби, кең ауқымды мәліметтер ұсынып, ата-аналарға құнды түсініктер берді.
Отырысқа белсенді қатысып, ұсыныстарымен бөліскен барлық ата-аналар мен мамандарға алғыс білдіреміз.
https://www.instagram.com/reel/DSLBcvFDDfu/?igsh=MjRsMW84aHRqcnBi
Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі-сыбайлас жемқорлық. Осы мақсатта жемқорлықтың алдын алу, бірге күресу үшін балабақша ұжымында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты:
- “Сыбайлас жемқорлық,пара,” ұғымдары кеңінен қарастыру;
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
- Ашық және адал қоғам құру;
- Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.
- сыйлық немесе ақшалай алғыс айту тек ризашылық сөздермен алғыс хаттармен шектелуі тиіс екендігі қарастырылды.
https://www.instagram.com/p/DQ9L-nzjLDk/?img_index=2&igsh=YWg3am8zZjZ5dTVt