Облыстық құзіреттілік орталықтарының жоспарына сәйкес «Балабақшада ерекше балаға үйдегідей жайлы орта құру» тақырыбындағы облыстық семинар мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
Семинардың мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға балабақшада қолайлы, қауіпсіз әрі дамытушы орта қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді насихаттау.
Ақтөбе қаласындағы №17 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасында өткен іс-шарада педагогтер инклюзивті білім беру аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық шешімдерді талқылады. Сонымен қатар №33 «Нұрсәт» және №2 «Бұлбұл» балабақшаларының педагогтері де өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби ой-пікір алмасуға белсене қатысты.
Семинар барысында сенсорлық технологиялар, ойын арқылы дамыту әдістері, сондай-ақ отбасы мен балабақша арасындағы өзара байланыс бағыттары кеңінен қамтылып, қатысушыларға тәжірибелік маңызы зор құнды ақпарат ұсынылды. Кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу – сапалы білім мен нәтижелі тәрбиенің берік негізі екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/DXeC3daDAtn/?igsh=MTF0bDl6YmRzcTV4aw%3D%3D