№17 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында, «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Қауіпсіз болашақ – балалар әлемінде» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және қоғамда тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру болды.
Шара барысында тәрбиеленушілерге қауіпсіз мінез-құлық ережелері кеңінен түсіндіріліп, түрлі танымдық көріністер мен ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – «Ақтөбе» газеті мен Ақтөбе телеарнасы қатысып, балабақшадағы мазмұнды шараның куәсі болды.Балалардың қауіпсіздігі мен жарқын болашағына бағытталған бұл маңызды іс-шара жоғары деңгейде өтті.
https://www.instagram.com/reel/DX_bSHPMoX9/?igsh=MXQwam9rZXB0ZnFrcA%3D%3D